Google компаниясы қылмыстың бетін ашуға көмектесуі мүмкін.
Ол үшін тергеу барысында интернеттегі іздеу деректерін пайдалануға мүмкіндік беріледі. Полиция белгілі бір сөздерді кім және қашан іздегенін анықтап, күдіктілерді таба алады.
Алайда құқық қорғаушылар бұл тәсілді азаматтардың жеке өміріне қол сұғу деп бағалайды. Себебі қылмысқа қатысы жоқ адамдар да жай ғана іздеу жасағаны үшін күдікке ілінуі ықтимал.
Google әр өтінішті заңға сәйкестігі тұрғысынан тексеріп, негізсіз болса полицияға ақпарат бермейтінін мәлімдеді. Былтырдың өзінде компанияға 28 мыңнан астам ресми сұрау түскен.
