Еуроодақ елдері бұдан былай интернет қолданушысының жасын тексеретін болады.
Ол үшін арнайы қосымша іске қосылмақ. Бұл шара интернеттегі қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған. Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, жаңа жүйе төлқұжатты сканерлемей-ақ адамның жасын анықтайды. Яғни биометрия қажет емес. Тексеру интернеттегі деректер негізінде жүргізіледі.
Еуропалық комиссия басшысы қолданушының жеке мәліметтері қорғалып, ешқайда таралмайтынын атап өтті. Жаңа қосымша бес елде сынақтан өткен. Жыл соңына дейін ұйымға мүше 27 елде толықтай іске қосу жоспарланып отыр.
