Хабиб – Гэтжи жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні айтылды

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің менеджері Али Абдель-Азиз америкалық Джастин Гэтжимен өтетін жекпе-жектің мерзімін атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол Instagram желісіндегі парақшасында жекпе-жектің 19 қыркүйекте Абу-Дабиде UFC 253 турнирінде өтетінін айтты.

Еске салайық, Хабибтің соңғы қарсыласы Дастин Порье болған еді. Бұл кездесу 2019 жылдың қыркүйек айында өтіп, дағыстандық спортшының жеңісімен аяқталды. Ал жалпы аралас жекпе-жекте Нурмагомедов 28 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.