Нұр-Сұлтанда карантин шаралары қайта күшейтіледі

Қазақстан астанасында демалыс күндері карантин шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратына сүйенсек, профилактика шараларын өткізу үшін демалыс күндері (27-28 маусым) қоғамдық көлік жүрмейді.

“Автобустарға мұқият дезинфекция жүргізіледі. Қоғамдық көлік қалыпты режимге 29 маусымда оралады”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар саябақ, гүлзар, жағалау мен жағажай және басқа да адам көп жиналатын орындар жабылады. Айта кетейік, өткен демалыс күндері де елордада осындай карантинді күшейту шаралары енгізілді.