Халық санағына жұмсалатын миллиардтаған шығынға түсінік берілді

Халық санағына жұмсалатын миллиардтаған шығынға түсінік берілді. Ұлттық статистика бюросы “санақ – бұл қажеттілік” дейді. “2018-2023 жылдарға арналған санақ бюджеті 9,1 миллиард теңге болған. Яғни, бір адамға шамамен 1,1 доллар. 2009 жылмен салыстырғанда санаққа үш есе (2,9 доллардан) аз ақша жұмсалған”, – деді бюро қызметкерлері. Министрлік мәліметінше, жалпы бюджеттің жартысынан көбі – 4,7 миллиард теңге – сұхбат алушылардың еңбекақысына қарастырылған. Санаққа 32 мыңнан аса адам тартылады. Олардың жалақысы 83-125 мың теңге аралығында.