Тәліптер Ауғанстанның екі ірі қаласын басып алғанын мәлімдеді

Тәліптер Ауғанстанның екі ірі қаласын басып алғанын мәлімдеді. Олар – Кандагар және провинция орталығы Герат қаласы. “Талибан” радикалды қозғалысының өкілі Забиулла Муджахед осылай деп жариялады. Оның айтуынша, тәліптер тағайындаған губернатор Хаджи Вафа аймақтағы міндеттерін орындауға кіріскен және халыққа үндеу жасады. Ауғанстан шенеуніктері қаланы тәліптер басып алғаны туралы ақпаратты әлі растаған жоқ деп хабарлайды Reuters агенттігі. Талибан қозғалысына Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес Қазақстанда тыйым салынған.