Бір жылға жуық тергеу изоляторында отырған полковник ақталып шықты

Сот полковник Айгүл Маманованы қызметіне қайта алды. Оған полицейлерден ақша жинады деген айып тағылып, сотта дәлелденген жоқ, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. 2021 жылы сәуірде Қостанай облысы ПД тәртіптік комиссиясының қорытындысы бойынша, тергеу басқармасы бастығының орынбасары Айгүл Маманова ішкі істер органдарынан теріс себептермен – өкілетін және қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін қызметінен босатылған. Кейінірек, 2021 жылы мамырдан бастап ол қамауға алынды, сол жылдың қаңтарында сот процестері басталып, полковник ақталған. Сондай-ақ, жұмыстан босатылған қызметкердің пайдасына мәжбүрлі түрде жұмыста болмау кезіндегі табысы өндірілді. Қостанай облысы полиция департаменті бастығының атына жеке ұйғарым шығарылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.