Ильхам Әлиев жараланған әскери қызметкерлермен кездесті

Ильхам Әлиев жараланған әскери қызметкерлермен кездесті. Әзербайжан президенті қорғаныс министрлігінің орталық әскери клиникалық госпиталінде болды. Trend басылымының мәліметінше, Ильхам Әлиев әзербайжан сарбаздарын құтқарушы-жауынгерлер, ал армяндарды – басқыншылар деп атаған.

Қоса кетсек, Әзербайжан басшысы Армения халқына үндеу жолдады. ” Жергілікті тұрғындар өз үкіметін жауапқа тартсын. Балаларын Әзербайжан жеріне жібермесін. Біз туған жерімізде күресіп жатырмыз. Біз өз жерімізді азат етеміз”, – деді Ильхам Алиев.