Көлсай және Қайыңды көлдерінің маңында визит-орталық салынады

Көлсай және Қайыңды көлдерінің маңында визит-орталық салынады. Одан бөлек, кемпингтер, этноауылдар ораналасады. “Көлсай көлдері” ұлттық табиғи паркінің директоры Данияр Тұрғынбаев осылай деп мәлімдеді. Ғимараттың барлығы шатқалда емес, төменгі бөлікте бой көтереді. Мұндай тұжырымдаманың негізгі мақсаты – экожүйені бұзбау және халықты жұмыспен қамту.

“Алдын ала бағалау бойынша туристік бағыт саны мен қонақ үй қоры артады. Жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындары ашылады. Шатырлар мен лагерьлер үшін орындар пайда болады. Табыс жылына 150 миллион теңгеге дейін артады”, – деді “Көлсай көлдері” ұлттық табиғи паркінің бас директоры. Болашақта ұлттық паркте экотуризмді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес құру жоспарланып отыр.