Ғимараттың опырылуынан зардап шеккен әйел жансақтау бөлімінде қайтыс болды

Ғимараттың опырылуынан зардап шеккен әйел жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді. 33 жастағы Ләззат Мырзагелдина Ақтөбе облысы бойынша “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ филиалының мониторинг бөлімінің маманы болған. Оның қабырғасы сынып, көптеген жарақат алған еді. Қылмыстық іс қозғалды, құлаған жер қоршалды, полиция қайғылы оқиғаны тергеп жатыр.