Ресейде «Спутник V» вакцинасының мұрынға шашатын түрі сынақтан өтеді

Бірлестіктің мәлімдеуінше, препараттың тиімділігі екпемен бірдей. Бірақ алғашқы вакцинаға қарағанда жұмсақ әсер етіп, жеңіл қабылданады. «Генериум» компаниясының өкілдері, билік вакцинаның жаңа түрін 6-8 айдан кейін тіркеуге рұқсат береді деп үміттеніп отыр. Денсаулық сақтау министрлігі екпенің екінші сынағын өткізуге қазан айында рұқсат берген. Оған 500 ерікті қатысып,сынақ жыл соңына дейін жалғасады.