Израиль 12 жастан асқан тұрғындарына вакцинаның үшінші дозасын салуға рұқсат берді

Израильдің Covid-ке қарсы екпе салдырған 12 жастан асқан тұрғындары жексенбіден бастап вакцинаның үшінші дозасын салғыза алады. Сарапшылардың айтуынша, бұл адам иммунитетін нығайта түсуге көмектеседі. Бұл жөнінде Reuters агенттігі хабарлады. Мұның алдында қарттар мен созылмалы ауруы бар адамдардың қайта вакцина салғызуына рұқсат етілген. Кейін үшінші доза салғызуға рұқсаты бар тұрғындардың жасы төмендей берді. Соңғы рет 30-дан асқандардың бәріне қайта екпе алу мүмкіндігі берілді. Қазір Израиль тұрғындарының 20 пайызы, яғни 2 миллиондай адам вакцинаның үшінші дозасын алған.