Экс-әнші Рахат Тұрлыханов қамауға алынды

Бұған дейін бірінші сатылы сот Тұрлыхановқа әкімшілік ескерту туралы қаулы шығарған еді. Алайда сот бірінші сатылы соттың тағайындаған жазасымен келіспеді. Өйткені экс-әнші бұған дейін де әйелін бірнеше рет соққан көрінеді. Енді ол тұрмыстық жанжал кезінде әйелін ұрып-соққаны үшін жазаға тартылды. “Сот алқасының қаулысымен Р. Тұрлыхановқа қатысты жаза – ескертуден, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді”, – деді Алматы қаласының соты. Қаулы заңды күшіне енді.