Көкшетауда есірткіні ойыншыққа жасырған 18 жастағы студент қыздар ұсталды

Көкшетауда есірткіні ойыншыққа жасырған 18 жастағы студент қыздар ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайты жариялады. Күдіктілер «Рефлекс» жедел алдын алу іс-шарасы барысында қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24». Олардан есірткінің 95 түйіншегі тәркіленді. Қыздар бұл істі қосымша жұмыс іздеп жүріп, интернеттегі хабарландырудан тапқан. Онда жұмыстың асханада екені көрсетілген. Алайда хат алмасу барысында қыздар бұл істің есірткімен байналысы барын түсінген. Соған қарамастан, ұсыныстан бас тартпапты. Қазір аталған факті бойынша сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы шықса, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.