Көлік құралын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидаларына түзетулер енгізілді

Жалпы 53 түзету қабылданды. Олар сәуірдің 23-нен бастап күшіне енді. Негізгі өзгерістер туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтып берді. Жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлерді қайта алу жеңілдейді. Басқа аймаққа көшсеңіз де, алдыңғы аймақта алынған нөмірді өзіңізде қалдыра аласыз. Сонымен қатар дәл осындай нөмірлерді жақын туыстарына немесе жұбайына қайта рәсімдеуге болады деп атап өтті ведомстводан.