Президент су тасқыннан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіруге бес ай уақыт берді

“Топан су кеткен соң одан зардап шеккен аймақтар қалпына келтіріледі. Ең алдымен, азаматтарға шығындарын өтеу үшін тиісті өтемақы төленеді. Үй-жай құрылысы басталады, баспана беріледі, бүлінген инфрақұрылым жөнделеді. Біз бірлесіп, бұл шаруаны абыройымен атқарып шығамыз деп сенемін”, – деп сөзін түйіндеді мемлекет басшысы.