ҰҚК Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш “Мәсімов ісі” бойынша тергелгенін айтты

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы “Кәрім Мәсімов ісі” бойынша тергелді. Бұл жөнінде ҰҚК Tengrinews агенттігіне жіберген жазбаша жауабында айтқан. Комитеттің хабарлауынша, дегенмен Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс тіркелмеген, бұлтартпас шарасы қолданылмаған. Биыл Қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бірнеше орынбасары қамауға алынған. Оларды қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылған. 43 жастағы Самат Әбіш Қаңтар оқиғасынан соң бірер аптадан кейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен алынды.