ҰҚК Жамбылда шекара қызметінің офицері қаза болғанын хабарлады

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі Жамбыл облысында көз жұмған офицердің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. “27 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды. Өлімнің алдын ала себебі миға қан кетуімен байланысты екені анықталды”, – делінген хабарламада. Аталған факті бойынша ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.