Кәсіпкерлер үшін жағымды жаңалық

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ashyq-та «көк» мәртебесі бар қазақстандықтар үшін шектеулерді алып тастау туралы қаулыға қол қойды. «Ashyq» жобасы бойынша жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес келушілердің 23%-ға жуығы «көк» мәртебеге ие. Тиісінше, сауда орындарына келушілер саны 20% қысқарды. Сауда орындары мен басқа да нысандарға тек «жасыл» мәртебесі бар адамдар кіретін. Іс жүзінде банкроттық сатысында тұрған саудагерлер мұндай шешімнің салдарларына төтеп бере алмайды, дейді мамандар. Жақында бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесуде Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті қолдауға назар аударуға және бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға шақырды.