Полиция инспекторы Ғазиз Нұрғалымов қаңтар оқиғасы кезінде қалай зардап шеккенін айтты

Алматы қаласы Әуезов ауданы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Ғазиз Нұрғалымов қаңтар оқиғасы кезінде қалай зардап шеккенін айтты. Нұрғалымов ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Тәртіпсіздік кезінде соққыға жығылған полиция аға лейтенанты қазір қалалық ауруханалардың бірінде емделіп жатыр. Айтуынша, бүлікшілер оны мойнынан темірмен ұрған. Бала кезден полицей болуды армандаған Ғазиз әрдайым азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет етуге дайын. “Ауруханадан аман-есен шықсам, қызметімді жалғастырамын”, – дейді ол. Қаңтар оқиғасы кезінде барлығы 3037 полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшісі түрлі жарақат алды. Қазіргі таңда ауыр жараланған 107 қызметкер емделіп жатыр. Тәртіпсіздік салдарынан ішкі істер органдарының 8 қызметкері қаза болды. Деп хабарлайды Polisia.kz.