Кеңес Одағының танымал актері Андрей Мягков дүниеден озды

фото:Life.ru

Кеңестік және ресейлік танымал актер Андрей Мягков қайтыс болды. “Ирония судьбы или с легким паром”, “Служебный роман” фильмдерінің жұлдызы Андрей Васильевич Мягков 82 жасында қайтыс болды”, деп хабарлады РИА Новости. Қаралы хабарды Чехов атындағы Мәскеу көркем театрының баспасөз қызметі жария етті. Актер Эльдар Рязанов режиссер болған “Ирония судьбы или с легким паром”, “Служебный роман”, “Жестокий романс” секілді фильмдерге түскеннен кейін танымал болды. Ол сомдаған кейіпкердің образы күрделі әрі қарама-қайшы болатын. Соған қарамастан оның әрбір рөлі әртүрлі болып, көрермендерге мейлінше жақын әрі терең шынайылықты көрсетті. Экранда күлкілі, тартымсыз болудан қорықпай, әр кейіпкерінің ерекше қыры мен ішкі әлемін аша білді.