Келер жылдан бастап елде криптовалюта өндірісіне салық өседі

Тиісті заңға бірер күн бұрын президент Қасым Жомарт Тоқаев қол қойды. Кембридж университетінің мәліметінше, былтыр криптовалюта өндіруден Қазақстан әлемде екінші орынға шықты. Бұл дүмпу елде электр қуатына сұранысты күрт көбейтіп, станциялардың жүктемесі артып кетті. Тіпті, тапшылық туындады. Осыдан кейін билік шұғыл шара қабылдады. Сөйтіп биыл бірінші қаңтардан бастап цифрлық маинингке кеткен бір киловат электр энергиясы үшін бір теңге салық енгізді. Алайда мұның өзі жағдайды реттеуге жеткіліксіз болса керек. Экономика министрлігінің мәліметіне қарағанда келер жылдан бастап электр энергиясы мен салық құнын қосқанда маинерлер 26 теңге төлеуге міндеттейтін заң қабылданды.