Тоқаев Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді

Президент министр Мусиннің Ұлттық деректер банкін құру жөніндегі жұмысына қанағаттанбайтынын айтты. ” Цифрландыру ісі баяу жүргізілуде. Менің ойымша, нашар. Есеп комитетінің сынына ұшыраған “Зерде” ұлттық холдингінің жұмысын жақсартуды тапсырған едім. Цифрландыру жұмысының кураторы ретінде премьер-министр осы мәселеге баса мән бергені жөн. Министрге ескерту жасаймын. Премьер-министрді ұятқа қалдырып отырсыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетсек, бұған дейін президент Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке, сондай-ақ Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялаған болатын.