Кез келген сынаққа дайын болуымыз қажет – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты тату болуға шақырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. «Біз бұған дейінгі жетістіктерімізден айырылып қалмауымыз керек. Мемлекетімізді нығайтып, кез келген сынаққа дайын болуымыз қажет. Табысқа жету үшін, ең алдымен, ауызбіршілік керек екенін есте ұстайық»,– деді Тоқаев.