Тоқаев: Бұдан былай мұндай қасіретке жол бермейміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI Съезінде еліміздің шұғыл шараларды қабылдап, лаңкестерге, қарақшыларға тойтарыс бергендігін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. «Бұдан былай мұндай қасіретке жол бермейміз. Халқымыз бірлігінің арқасында осы сын-қатерге төтеп берді. Қазір алдымызда барлық саланы қайта жаңғырту міндеті тұр. Бұл – мемлекеттік аппаратты ғана жаңарту деген сөз емес»,– деді Тоқаев.