Кіші Талдыкөлдегі құрылыс тоқтатылады

Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы Талдыкөлде анықталған кемшіліктерді 30 күн ішінде жою туралы ұйғарым шығарды. Бұл туралы «Ақиқат» корпоративтік заңгерлер коалициясының заңгері Шыңғыс Темір фейсбук парақшасында мәлімдеді. Көлді құрғату жұмыстарын жүргізген құрылыс компаниясына айыппұл салынды.