Кредит беру тәртібі өзгереді.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Банктер және банк қызметі туралы» заңға қол қойды. Жаңа заңға сәйкес ипотекалық және тұтынушылық кредиттердің мөлшерлемесі жаңа әдістемемен есептеледі.
Қазіргі таңда банктер жаңа кредит туралы ақпаратты кредиттік бюроға бір сағаттың ішінде жіберіп үлгереді. Дегенмен сол уақыт аралығында адамдар бірнеше банктен қарыз алуы мүмкін.
Жаңа заңға сәйкес, бірінші өтініш қанағаттандырылмаса, басқа кредиттік өтініштерді мақұлдауға рұқсат берілмейді.
Сонымен қатар заң аясында криптовалюта айырбастау пункттерін ашуға рұқсат беріледі. Ол үшін нормативтік-құқықтық актілерді рәсімдеу қажет. Бұл рәсім үш айға жуық уақытты алады.
