СІМ ресейлік пикапер туралы айтты

Роман Василенко “қыздарды сындыру” тренингінің авторы ресейлік Алекс Леслиге қатысты ведомствоның ұстанымын хабарлады. “Кейбір видеоларды көрдім. Бұл видеолардың хайп қуу мақсатында түсірілгені көрініп тұр. Екіншіден, бұл мырза қазір Қазақстанда оны қазақстандықтар да, үкімет те күтпейтінін жақсы түсінеді”, – деді Василенко. Алекс Лесли (шын аты – Александр Кириллов) – орыстың даулы жазушысы. Ол қылмыстық істердің фигуранты ретінде және БАҚ-та (Life.ru) притон құруға қатысы да айтылған. Ол 2018 жылы Таиландта секс-тренинг өткізгені үшін қамауға алынған. Оған салық төлемегені, шетелде болу режимін бұзғаны үшін айып тағылған. Еске салайық, бұған дейін “Қазақ қыздарын сындыру” курсын өткіземін деген ресейлікке Қазақстанға кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді.