Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұловтың отбасы тек бір автокөлік мінеді

Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұловтың отбасы тек бір автокөлік мінеді.

“Біз мұның төрт жыл бұрын жарияланғанын анықтадық. Жұмағұловтың отбасында 12 автокөлік жоқ. Toyota маркалы бір ғана темір тұлпары бар. 12 көлікті олар 25 жыл ішінде біреуін сатып, басқасын алып ауыстырған.

Ең алғашқы көлігі төртінші үлгідегі “жигули” болған, оны тоқсаныншы жылдары сатып алған”, деді медициналық сақтандыру қорының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Ермек Болтаев мәлімдеді. Ермек Болтаев.

Ол скриншоттар әлеуметтік желіде пандемия ушығып тұрған кезде әдейі таратылып жатқанын атап өтті. ІТ мамандар осындай пайымға келген.

Айта кетейік, Жұмағұловтың жұбайы, тележүргізуші Гүлбаршын Зайырова жариялаған жазбаның скриншоты желіде тарап кетті. Әйел күйеуінің оған “он екінші көлік сыйлағанын” жазған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.