Шетелге шығуға тыйым салынатын борышкерлердің қарыз сомасының шегі 40 АЕК-ке дейін көтерілді

Шетелге шығуға тыйым салынатын борышкерлердің қарыз сомасының шегі 20 айлық есептік көрсеткіштен 40 АЕК-ке дейін көтерілді.
«Бұрын борышкерлер қойылған тыйымдар туралы тек ұшу кезінде ғана біліп, оларды рейстерден түсіріп алатын болса, енді оларды 5 жұмыс күні ішінде алдын ала хабардар ететін болады», – деді ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ елден шығуға уақытша шектеу қою мерзімдері, тәртібі мен негіздері, оның ішінде оның күшін жою мерзімдері мен негіздері қайта қаралды. Қазір уақытша шектеулерді сот орындаушысы үш жұмыс күні ішінде емес, бір күн ішінде күшін жояды.

Заң 2020 жылғы 8 маусымда күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.