Үшарал-Достық тасжолы жабылды

Алматы облысында қатты бұрқасын салдарынан республикалық маңызы бар Үшарал-Достық тасжолы жабылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі мен “ҚазАвтоЖол” хабарлайды. Құтқарушылар аталған тасжолдың 84-184 шақырым аралығындағы бағыт бойынша жүрмеуді, 112 қызметінің хабарламаларын ескеруді және алыс сапарға шығар алдында ауа райын қарап шығуды сұрайды.