Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазір ол 15,25%-ға тең болды. Жылдық инфляция 2023 жылдың соңына қарай бір таңбалы мәнге жетті. Айлық инфляция желтоқсанда орташа жылдық мәндерден біршама жоғары болды. Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі шешімдер инфляцияның динамикасына және оның болжамды траекториясына қаншалықты сәйкес келетініне байланысты болады. 5%-дық инфляция бойынша мақсатқа жету үшін ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет. Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені кезең-кезеңімен төмендетуді жалғастырады, – деді Ұлттық банк.