Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасы бірлескен мәлімдеме жасады

Олар АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады. Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15:00-де сауда-саттық Франкфурт аукционы форматында ашылады. Бұл шаралар уақытша, сыртқы геосаяси факторлар тарапынан валюта нарығына және ел ішіндегі қаржылық тұрақтылыққа қысымды азайту қажет екенін көрсетеді. Теңге-АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық туралы ақпарат ресми хабар тарату арналары арқылы уақтылы жеткізілетін болады. Сонымен қатар, қазір сыртқы қаржы нарықтарындағы айқындалмаған шарттар өзгергеніне байланысты Ұлттық банк “Қазақстан қор биржасы” АҚ-мен бірлесіп, 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-ге дейін биржалық валюталық вауда-саттықты толық тоқтата тұру туралы мәселені қарауы мүмкін.