Валюта айырбастау бекеттерінде доллар сатылмай жатыр

Елордада оның сату құны 468-471 теңге шамасында көрсетілген. Сатушылардың айтуынша, банктен шетел валютасы жеткізілмегендіктен доллармен қоса еуроны да сатпай отыр. Кейбір валюта айырбастау орындары мүлдем жабық. Екінші деңгейлі банктер де шетел валютасын сатпай жатыр. Валюта айырбастау бекеттері қауымдастығының президенті Арчин Галимбаев елдегі айырбастау пункттері жұмысын уақытша тоқтатқанын әлеуметтік желіде жазды. Елордамен қатар, Алматы және өзге қалаларда да жағдай осындай. Бұған Ресейде доллар бағамының шарықтауы, Қазақстан қор биржасындағы сауда-сатықтың уақытша тоқтатылуы себеп.