Еліміздің бас банкі “Сақ стилі” сериясының банкноттарын бірнеше жыл ішінде біртіндеп айналымға шығарады. Ескі және жаңа банкноттардың айналымда қатар жүру кезеңі белгіленеді. Бұл стандартты түрде – 1 жыл. Айналымда параллель жүретін кезең аяқталған соң барлық банк пен Қазпошта ескі үлгідегі банкноттарды тағы 3 жыл ішінде жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастайды.