Ұлттық экономиканы дамыту кезек күттірмейтін міндет

Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. “Табыс пен мүлікке салық салудың жаңа жүйесін енгізбесек, кәсіпкерлерді табысын қалтаға баспай, бизнесін дамытуға ынталандырмасақ, арнайы салық режимдерін өзгертпесек, бұл міндетті орындай алмаймыз. Сондықтан Салық кодексі секілді стратегиялық маңызы бар құжатты әзірлеуге сала мамандарынан бөлек, экономистер мен бизнес өкілдері жұмылдырылуы қажет. Экономика неғұрлым қуатты болса, соғұрлым көп салық түседі деген қағидатты берік ұстану керек”,- деді мемлекет басшысы.