Соңғы бес жылда бюджет тапшылығы 11 триллион теңгеден асты

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік бюджетті тиімді басқаруды тапсырды. «Қазір бюджет және салық саясатының тиімділігін барынша арттыру қажет. Қосылған құн салығын реформалау керек. Оны 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеру мәселені шешпейді. Сарапшылар қосылған құн салығын көтеру көлеңкелі экономиканың үлесін арттырып, инфляцияның өсуіне әкеп соқтыруы ықтимал деп орынды пікір білдіріп жатыр. Бұл қадам еліміздің инвестициялық тартымдылығына да кері әсер етуі мүмкін”,- деді Президент.