Мұғалім тапшылығы бар өңірлерге барған мамандардың жалақысы екі есе көп болады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәжіліс кулуарында төрт облыста мұғалім тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Министрдің сөзінше, қазір Атырау, Маңғыстау, Түркістан және Алматы облыстарында мұғалім тапшылығы қатты сезіледі. Ал кадр жетіспеушілігін шешу үшін министрлік арнайы бағдарлама қабылдап жатыр екен. Оған тиісті қаржы бөлінуде. Аймағамбетовтың айтуынша, мұғалім тапшылығы бар өңірлерге барған мамандардың жалақысы екі есе көп болады. Аймағамбетовтің сөзінше, мұғалімдер тапшылығына оқушылар санының өсуі себеп болып отыр.