“Отбасы банк” депозиттерді сату-сатып алу бойынша өтінім қабылдауды тоқтатты

“Отбасы банк” депозиттерді сату-сатып алу бойынша өтінім қабылдауды тоқтатты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 31 наурызбен 8 сәуірі аралығында техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты жаңа өтінімдерді қабылдау тоқтатылады- делінген хабарламада. Еске салайық, бұған дейін “Отбасы банк” наурыздың соңғы күндерінде клиенттер легі көп болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Себебі, 1 сәуірден бастап зейнетақы жинақтарын алу үшін ең төменгі жеткілікті шек көтеріледі.