Мүгедектігі бар азаматтарға қарайтын көмекшілерге жалақы төленеді

Мүгедектігі бар азаматтарға қарайтын көмекшілерге жалақы төленеді.

Өздігінен қозғала алмайтындарға жәрдемдесетін көмекші абилитация және реабилитацияның жеке бағдарламасына сәйкес тағайындалады. Бұл қызмет жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен төленеді және азаматпен заңнамаға сәйкес жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар мемлекет жеке көмекшілер үшін әлеуметтік аударымдар жүргізеді, ал бұл кезең зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтіліне есептеледі. Егер I топтағы мүгедектігі бар азаматтың жеке көмекшісі болмаса, оған тұрақты күтім жасайтын адамға жәрдемақы тағайындалады.

Министрлік биыл қаңтардан бастап Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, I топтағы мүгедектігі бар азаматтардың жұбайы зейнет жасына жеткен болса да жеке көмекші бола алатынын атап өтті.