Нұрлан Нығматулин қызметінен кетуі туралы пікір білдірді

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қызметінен өз еркімен босату туралы мәселені қарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған байланысты Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев аса маңызды міндеттер жүктегенін алға тарта келіп, ол мақсаттарға жету үшін кадр саласын жаңарту керек екеніне тоқталды.

Отырыс барысында ҚР Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес, Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі төрағасының қызметінен өз еркімен босату туралы қаулының жобасын дауысқа салып, ол бірауыздан қабылданды.