Мәсімовтың туысын Склярдың інісі алмастырды

Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы болып Василий Скляр тағайындалды. Василий Скляр бұған дейін Екібастұз қаласы полиция департаментіне басшылық еткен. Ол Қазақстанның бірінші вице-премьері Роман Склярдың туған інісі. Павлодар облысы полиция департаментін бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың жақын туысы Нұрлан Мәсімов басқарған. Ол 17 қаңтарда қызметінен алынған. Кәрім Мәсімовтың өзі 6 қаңтарда ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы Тергеу сотының шешімімен 2 айға қамауға алынған. Кеше Мәсімовтің ісі “өте құпия” деген санатта жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Оған мемлекетке опасыздық жасады, билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекетке барды, билікті асыра пайдаланды деген айып тағылған.