Назарбаев туралы жағымсыз әңгімелер тарап жатқанын білемін – Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтты, деп хабарлайды Экспресс К. Елордада “Nur Otan” партиясының кезектен тыс XXI съезі өтіп жатыр. Жиында мемлекет басшысы Тұңғыш Президент жайлы өз пікірін білдірді. Қазір ел ішінде түрлі жағымсыз әңгімелер тарап жатқанын білемін. Осыған байланысты Мемлекет басшысы ретінде тағы да қайталап айтамын. Тұңғыш Президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.