Мәулен Әшімбаев үкіметті қаржылай тәртіпке шақырды

Сенат спикері Ұлттық қордың көлемін 100 миллиард долларға жеткізу міндетін еске салды. “Қазір Ұлттық қор ресурстарының төмендеу тенденциясын көріп отырмыз. Кейінгі сегіз жылда біздің Ұлттық қордың қаражаты 73 миллиард доллардан 57 миллиард долларға дейін азайды. Мүмкін бір-екі жылда тұрақтандыру байқалған шығар, бірақ сонымен бірге оны 100 миллиард долларға жеткізу міндеті тұр. Мұндағы біздің міндет – Ұлттық қорды барынша көбейту, сол арқылы балаларға бөлінетін қаржыны көбейту”, – деді Мәулен Әшімбаев. Қосымша ақпар, Қазақстанда кейінгі бес жылда республикалық бюджеттің кірісі мен мұнайдан түсетін түсімдер 66% артқан. Бұл ретте осы кезеңдегі шығын 120% өскен.