Теңгемен депозиттер бойынша өтемақы төлеу 20 наурыздан кейін басталады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры осылай деп мәлімдеді. Ақпан айының соңында банктер депозиттер бойынша өтемақы алуға 306,2 млрд теңгеге өтініш қабылдады. 2 590 021 салымшы өтінім берген. Салымшылар 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап биыл 23 ақпанды қоса алғанда қолданыстағы салымның ең төменгі сомасына 10% бонус алады. Бұл ретте төлем сомасы 2 миллион теңгеден аспайды.