Мәжіліс депутаты Зәкіржан Күзиев Алматы облысындағы жер мәселесін қозғады

Ол қарапайым халық жер теліміне қолжеткізе алмай отырғанын айтты. Алматы облысының үш ауданында 1,5 миллион гектар жер 30 адамның қолында,-деді депутат экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке жолдаған сауалында.
Күзиев қазір тұрғындар санитарлық және ветеринарлық талаптарды бұзып, малды қорада ұстауға мәжбүр болып отырғанын түсіндірді. Оның айтуынша, соңғы 15-20 жылда “қожайындар” аңшылық шаруашылығы аумағына мал жіберуге рұқсат бермейді. Ол жер заңнамасына өзгерістер енгізіп, бұл жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, халық игілігіне беруді сұрады.