Мәжілістің екінші оқылымына білім беру жүйесіне қатысты жаңа заң жобасы ұсынылды

Мәжілістің екінші оқылымына білім беру жүйесіне қатысты жаңа заң жобасы ұсынылды. Білім саласын жетілдіруге бағытталған нормалардың бірқатарына тоқтала кетейік. Халықаралық байқау жеңімпаздарына 6 млн теңге сыйақы, студенттерге грантты өтеуден босату, университеттерді сапа бойынша қаржыландыру, балабақша жерін қорғау сынды жаңа ережелер енгізілмек. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұл бастамалар ғылыми байқаулардың жеңімпаздарын қолдаудан бастап, университеттерді қаржыландыру тәртібін өзгертуге дейінгі кең ауқымды мәселелерді қамтиды.