Маңғыстау облысында мол жауын-шашын жауды

Маңғыстау облысында мол жауын-шашын жауды. Өңірде екі күнде 7 айлық нормадан көп жаңбыр жауған. «Қазгидромет» Маңғыстау облысы және Ақтау қаласы бойынша жауын-шашын, найзағай және дауылды жел жөнінде алдын ала дауылды ескерту жариялады. Айта кетсек, Ақтауда күні бойы жауған жаңбыр салдарынан орталық көшелерді су басты. Жаңадан салынған көпқабатты үйлердің шатырынан су кеткен.