Оңтүстік Кореяда коронавирусқа қарсы вакцина шығарылды

Оңтүстік Кореяда коронавирусқа қарсы вакцина шығарылды. Биологтар спрей түрінде екпе ойлап тапқан. Оны мұрынға себу арқылы қабылдайды. Ғалымдар препаратты 19 тышқанға салып, сынақтан өткізді. Бірақ клиникалық зерттеулер әлі жасалған жоқ деп жазды korrespondent.net. «Бір дозамен вакцинацияланған тышқандар инфекциядан толығымен қорғалды, салмақ жоғалту, өлім болған жоқ. Мұрынға, ми, өкпеге және бүйрекке вирус түскен жоқ», – деді ғалымдар.