Маңғыстау облысында жаңажылдық шараларды өткізуге рұқсат берілді

Аймақтың бас санитария дәрігері Ғазиз Нәдуевтың айтуынша, шырша мерекелеріне «Ашық» жүйесі арқылы жасыл статусы бар адамдар кіргізіледі. Облыста 100 адамға дейін жаңа жылдық кешті тойлауға рұқсат. Естеріңізге сала кетейік, жаңажылдық шаралардың ұйымдастырылуын әр өңірде мемлекеттік бас санитария дәрігері белгілейді. Бірінші кезекте, қоғамдық орынның неше адамға арналғаны ескеріледі. Бірақ эпидемиологиялық ахуалға байланысты ол өзгеруі де мүмкін.